« Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы » сырласу кеші » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы » сырласу кеші
31
январь
2025

« Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы » сырласу кеші

Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы

 анықтамасы 

           Талғар ауданы Бірлік ауылы Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясында 31 қаңтар күні мектеп оқушыларының  аналардың   басын қосқан “Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы атты мектепішілік  аналармен сырласу кеші өткізілді. Ұйымдастырушылар – мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Уркинбай Бота Тұрсынкелдіқызы мен Думбирова Гульшат Олкенбайқызы.  Мектебімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараның мақсаты – қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, қыз балалардың  бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу.  

Сырласу кешінің  алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры  Малдыбеков Бақытжан Мұқамедқалиұлы  іс-шараға келген барлық қатысушы аналарға  алғысын білдірді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уркинбай Бота Тұрсынкелдіқызы «Аналар мектебінің мақсатымен таныстырып өтті. Шараның басында келген қонақтарға арнап 3  сынып оқушылары би  билесе, мектебіміздің ұстазы Алимова Арай Касымқызы мен қызы 10 б сынып оқушысы Тұрлыбай Айзат «Ана» әнімен ән шырқады.  «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» туралы бейнеролик  көрсетіліп, бейнебаянның жалғасы ретінде  7ә сынып жетекшісі , «Қызғалдақ»  қыздар ұйымының жетекшісі  Айназарова Раушан Серікқызы  баяндама оқыды.  Мектеп психологтары Н.Байдідаева мен Г.Мулкибекова  мақал-мәтелдер жалғастыр..., «Қазақша оюды қимылмен жаса» тренинг-жаттығу сергіту сәттерін ұйымдастырды. 

Қазіргі кездегі балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Ойынның қызығына салынып, планшет, ұялы телефондармен ойын ойнап жатады. Тіпті телефон арқылы әлеуметтік желілерде көп отыратыны бәрімізге мәлім. Бірақ, осы ойындар баланың жан-жақты дамуына кедергі келтіретінін білсек те, балаларға шектеу қоймай жатамыз. Осы телефонды алмастыруға болатын ұлттық ойындарды насихаттау, ұлттық ойындар отбасында мүлде ойналмай, жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстап, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлуі үшін бастауыш сынып мұғалімдері Алимова Арай апай мен Нуркасымова Гулбану апайларымыз қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық» ойынын аналарға көрсетіп,   балалармен бірге отырып ойнауға кеңес берді. «Бес асық» ойынын ойнай отырып ата-аналар балаларына көңіл бөледі және қазақтың ұлттық ойынын дәріптейді деген ой түйіндеді. 

   Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
 Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. 8 а сынып  жетекшісі, «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Булегенова Индира апай қыз тәрбиесіне байланысты аналармен « Анаға қарап қыз өсер » тақырыбында топтық жұмыс жасалды. Аналар қызға байланысты тыйым, ырымдарды,  қыз балаға тән салт-дәстүр жайлы өз пікірлерін айтты.

   Мектебіміздің  технология пәнінің мұғалімі Нұрбатырова Бақытгүл Әшімқызы мұғалім ретінде қолөнер технологиясын үйрету барысында шәкірттердің шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, жаңа үлгіде жаңа технологияны пайдалана отырып, әдемілікке, сұлулыққа баулып, мамандығын таңдауға ықпал етуге және де өз беттерінше ізденіп шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасап жүрген ұстаз. Бақытгул апай қыздармен әртүрлі жасап жүрген жұмыстарымен  таныстырып, аналарға құрғақ жүннен жасалатын бұйымдарды көрсетіп, әдемі қызғалдақ гүлін бірге жасап, шеберлік сынып көрсетті. 

Кешіміздің соңында  «Ана» әнімен аяқтадық. Осындай шаралар ұйымдастыру арқылы ана  мен қыз арасындағы сыйластық, отбасылық құндылықтар, жауапкершілік жоғары дәрежеде нығая түседі деген сенімдемін.   


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары            Г.Думбирова