«Әке-отбасы қорғаны!» атты әкелер форумы
Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясы
Талғар ауданы Бірлік ауылы Б.Момышұлы атындағы № 35 мектеп-гимназиясында 17 қаңтар күні мектеп оқушыларының әкелерінің басын қосқан “Әке-отбасы қорғаны!” атты мектепішілік әкелер форумы өтті. Ұйымдастырушылар – мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары. Мектебімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараның мақсаты – қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, әкенің беделі мен белсенділігін арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау. Әкелер мен балалар арасында жағымды жағдай орнатып, бір–біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым–қатынас қалыптастыру. Бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту болып табылады.
Форумның алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Малдыбеков Бақытжан Мұқамедқалиұлы іс-шараға келген барлық қатысушы әкелерге алғысын білдірді. Шараның басында келген қонақтарға арнап 5-сынып оқушылары «Болашағы біз елдің» әнін орындады. Мектебіміздің қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі Т.Меліс жиылған қауымға бала мен асқар тау-әкенің арасындағы қарым-қатынас туралы қысқаша баяндама оқыды. Іс-шараның екінші бөлімінде әкелерге семинар-тренинг өткізілді. Гүлім Төлегенқызы әкелерге «Мені қайтала» ойын элементі бар жаттығуларды көрсетіп әкелер арасында ынтымақтастықты, сыйластықты көрсете білді. “Әке- жауапты лауазым” тақырыбы арқылы әкелерге түрлі тапсырмалар беріліп шара өз жалғасын тапты.
Форум соңы М. Шахановтың сөзіне жазылған «Әке туралы жыр»әнін барлық әкелер бірге орындап өте үлкен әсер алды. Осындай шаралар ұйымдастыру арқылы әке мен бала арасындағы сыйластық, отбасылық құндылықтар, жауапкершілік жоғары дәрежеде нығая түседі деген сенімдемін.


Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясының директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Думбирова Гульшат Олкенбайқызы