Дебат » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2025

Дебат

Бірлік ауылы  Б.Момышұлы атындағы №35  мектеп-гимназиясында 

«Болашақтың сенімді бастауы жастар деп есептейді/есептейді» тақырыбында 9 сыныптар арасында өткен дебат

       «Болашақтың сенімді бастауы жастар деп есептейді/есептейді» тақырыбында  дебат интеллектуалдық пікір-сайысы өткізілді. Бұл пікір-сайыста 9   сынып оқушыларынан құралған «Үкімет» пен «Оппозиция» топ оқушылары мамандық таңдау ақша немесе жан азығы үшін деп есептейді/есептейді деген тақырыпта    өз ойларын ортаға салып, әсерлі  әрі нақты түрде дәлелдеп жеткізуге тырысты. 

          «Болашақтың сенімді бастауы жастар»  деп айтатын әлемде көп адамдар бар. Олар жұмысқа қанағаттану әлдеқайда маңызды екенің қолқалайды.  Ақшадан басқа, мамандық таңдауға әсер ететін басқа да көптеген нәрселер бар. 

Жұмыс қиналдыртпас үшін, сіз бәрінен гөрі өзіңізге ұнайтын нәрсені жасауыңыз керек   деген тақырыпта жақтаушы және даттаушы топтар пікір-таласып өз ойларын ортаға салды. 

     «Үкімет» тобының спикері Болсынғазы Ілияс:

Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!


Бүгін біз – жас ұрпақ, еліміздің ертеңін сеніммен қалыптастыратын «Болашақтың сенімді бастауы – Жастар үкіметі» тобы ретінде өз жұмысымызды қорытындылап, жетістіктерімізді ортаға салып отырмыз.


Жастар үкіметі – бұл тек атау емес. Бұл – жауапкершілік, көшбасшылық, бірлік пен белсенділік мектебі. Біз осы уақыт аралығында түрлі министрліктер бойынша жоспар құрып, мектеп өміріне жаңашыл идеялар енгізуге тырыстық. Әрбір бастама – бір қадам. Әрбір іс – болашаққа салынған сенімді көпір.


Біздің мақсат – тек белсенді болу емес, өзгеге үлгі болу. Қамқорлық жасап, мәдениетті насихаттап, спорт пен білімге ұмтылуға жол аштық. Біз бірлесе отырып, жақсы нәтижелерге жеттік. Бұл – ұстаздарымыздың бағыт-бағдары мен өзара ынтымақтың жемісі.


Болашақ – бізден басталады! Ал сол болашақты нық қадаммен құру – біздің парызымыз.

Сөзімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мына бір сөзімен аяқтағым келеді:

«Елдің болашағы – жастардың қолында. Жастар қандай болса – елдің болашағы да сондай болады.»


Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Болашақ үшін бірге қызмет етейік! 

«Оппозиция» тобының спикері Мұратбек Айдана: 
           Құрметті төрешілер, қарсы тарап және тыңдаушылар!


Бүгінгі пікірсайыс тақырыбы – «Болашақтың сенімді бастауы – Жастар үкіметі тобы». Бұл тақырыпта қарсы тарап жастар үкіметінің болашағымыздың сенімді тірегі екенін дәлелдеуге тырысуда. Алайда, біз – оппозиция тарапы, бұл пікірге толықтай келіспейміз және өз уәжімізді келтіргіміз келеді.


Біріншіден, қазіргі таңда көптеген жастар үкіметі тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істейді. Көп жағдайда бұл топтар нақты өкілеттікке ие емес, шешім қабылдауға ықпал ете алмайды. Яғни, ол жастардың белсенділігін шынайы қолдаудан гөрі формалды сипатқа ие.


Екіншіден, жастар үкіметінде кейде тек үздік оқушылар мен көшбасшылар ғана таңдалады. Бұл жағдай басқа оқушылардың өз күшіне деген сенімін төмендетіп, шынайы демократиялық қатысуға мүмкіндік бермейді. Жастар үкіметі топтың емес, жеке бастың пікірімен шектеліп қалуы мүмкін.


Үшіншіден, нақты нәтижелер мен тиімді кері байланыссыз, бұл үкіметтің жұмысы жастар арасында жалған үміт туғызып, шынайы өзгерістерге жетелей алмайды. Біз болашақты сенімді түрде құру үшін тек үкіметтік атаулармен шектелмей, жастардың шынайы даусын естіп, нақты мүмкіндіктер беруіміз керек.


Біздің ойымызша, жастардың болашағы тек «Жастар үкіметі» арқылы емес, олардың әр саладағы тең құқықты қатысуы арқылы қалыптасады. Осы себепті, біз бұл ұсынысқа қарсы тарап ретінде, қазіргі жүйенің жетілдірілуі керек екенін алға тартамыз.







Дебат жетекшісі                   Ташкенбаев О