« Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»
07
февраль
2025

« Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»

                 7 қаңтар   2025 жылы        Бірлік ауылы  Б Момышұлы атындағы № 35 мектеп- гимназиясында     ақиық  ақын,   поэзия пайғамбары Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай    « Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»  тақырыбында мектепішілік әдеби-сазды  кеш   өткізілді. Іс-шарада Мұқағалидің асыл   мұрасы жас ұрпаққа  насихатталды. Кешіміздің  қадірменді қонағы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,ақын Сәлім Жусанбаевтың ақын жайлы естеліктерімен бөлісіп, Мұқағалиға арнаған арнау өлеңімен жыр сүйер қауымды тәнті етті.                                                                                     

             Кешті ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ардагер ұстаз, желтоқсаншы Чинтемирова Роза , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескожаева Лена   және музыка пәнінің мұғалімі   Асель Емениязованың еңбегі зор.   Кештің ашылуын  мұрағатта сақталған ақынның  өз  дауысымен оқылған туындысымен ашылды. Жыр десе арқасы қозған, көркеи сөз оқу шеберлері, 5-8 сынып оқушылары  ақын жырларын нақышына келтіре мәнерлеп оқыды, ақын туындыларынан қойылымдар қойылды.Ал мектептің 6,7-сынып оқушылары сомдаған «Аққулар ұйықтағанда» , «Жетімдер»   қойылымдары көрермендердің ерекшке ықыласына бөленді. Сонымен қатар ақынның  ғұмырнамасынан      сыр шертетін «Қайран Мұқағалиім» тақырыбын 7-сынып оқушылары сомдап шықты. Мұқағали рөлін Жансерік Насилбек сомдаса,басқа да кейіпкерлер рөлін   Еркебұлан Болат , Санжар Абылгазиев және тағы басқалары  ерекше шеберлікпен ойнап шықты. Ақынның сөзіне жазылған әндерін әнші оқушыларымыз да құйқылжыта орындады.Дәстүрлі әнді дәріптеуші 8 -сынып оқушысы Асылжан Әшен «Сәби болғым келеді» әнін көрермендерге тарту етті. Өзіндік қоңыр даусымен 8-сынып оқушысы Нұрәлі Мәулен  «Ана сен бақыттысың», 5- сынып оқушысы Ақтоты «Саржайлау» әнін құйқылжыта орындады. Ал   10-сынып оқушылары «Есіңе мені алғайсың» әнін тамаша орындады. Кеш соңынды ақын Сәлім Жусанбаев ақын туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ  ақынға арнаған өлеңін оқыды. Ақын көрермендердің ризашылығына бөленді.Ардагер ұстазымыз Роза Чинтемирова кеш қонағы ақын Сәлім Жусанбаевқа алғыс білдірді және ақын кітабын табыстады.   Кештің   қорытынды сөзін мектеп -гимназия директоры Бақытжан Малдыбеков  алып, ақын Сәлім Жусанбаевқа алғысын айтып, жазушы,суретші Мұқамедқали Малдыбеков кітабын тарту етті. Кешті ұйымдастырушы мұғалімдер мен оқушыларға да алғысын білдірді.