Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл
19
ноябрь
2024

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

    2025 жылдың   19 қараша күні 6 «В» сынып   оқушыларының қатысуымен мектебімізде   Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай  "Жыр алыбы – Жамбыл" тақырыбында  ашық тәрбие өткізілді.

     Іс-шараның мақсаты оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақынның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу, ұлттық рухты, патриоттық сезімді ояту, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Ақын өлеңдерінің тақырыптық және идеялық ерекшеліктерін талдай отырып, оқушылардың мәнерлеп оқу, сахналық қойылым көрсету дағдыларын дамыту. Ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге және рухани-мәдени құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

  Іс-шара барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы презентациялар жасап, өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ, ақын туралы деректі бейнефильм көрсетіліп, әдеби викториналар ұйымдастырылды. Ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбие алуына ықпал етті.