«Балдәурен »сауықтыру лагері » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Балдәурен »сауықтыру лагері
28
июнь
2024

«Балдәурен »сауықтыру лагері

          Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білімі  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жазғы мектеп жанындағы  «Балдәурен »сауықтыру лагерінің

 жүргізілген жұмыс есебі

          Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша 1-4 сынып оқушылардың   3-28 маусым аралығында  жұмыс жүргізілді.

 «Балдәурен» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
 Міндеттері:
 - Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
 - Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
 - Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
 - Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
 - Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
 - Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
 - Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
       3 маусым күні 1-4 сынып  балаларға арнап лагердің  ашылуы 
өткізілді. Балалар  өз өнерлерін көрсетіп, әр түрлі тақырыпта шырқата ән  салып, би билеп, қызықты ойындар ойындар ойнатылды. 
 
«Менің Отаным Қазақстан» асфальтта сурет көрмесі   өткізілді. Сурет байқауында   ерекше көзге түскен  балаларға мадақтама беріліп, сыйлықтар берілді. 

 «Біз отбасымыз, демек жеңіске жетеміз» отбасы сайысы өтті. Балалра отбасымен түскен суреттерін алып келіп, постер қорғады. Өз отбасы туралы әңгімелеп берді.

«Қауіпсіз тротуар!» жазғы уақытта болатын, жолда  жүру ережелерімен  балаларды таныстырып, мәліметтер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Дәрігердің кеңесі «Сау тістері қалай сақтап қалуға болады?» тақырыбында мектеп медбикесі балаларға тісті қалай жуып күтуге болатыны жайлы түсіндірді. 

«Музыка бізді біріктіреді» караоккемен ән айтып, би билеп көңілдерін көтерді. 

Ұлттық спорт және ойындар бойынша  асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту т.б сияқты ұлттық ойындар жарысы өткізілді.  

«Кітапханаға саяхат»  оқушыларды мектеп кітапханасындағы кітаптармен таныстырды. 

«Үш тілді білу-заман талабы» ағылшын, орыс тілі пән мұғалімдері қызықты полиглот ойынымен ойнатып, балаларды қызықтыра білді.