«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ
17
январь
2024

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ
оқушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендері бастамашылық еткен  «ДосболLIKE» бағдарламасының басталуын білдіреді.
Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.
АКЦИЯ ҰРАНЫ: Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол!
АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:  мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау
АКЦИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 
Өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу
Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
 
АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:
Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары:
Ата-аналар, педагогтер, еріктілер,  білім  беру ұйымының әлеуметтік серіктестері
ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ: 
БАСТАМАШЫЛДЫҚ, ЕРІКТІЛІК, ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, 
ӨЗАРА КӨМЕК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
АКЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ:
Акция  2024 жылдың 17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында өтеді.
Акция оқушыларды мектеп ортасында достық қарым-қатынас орнатуда белсенді болуға ынталандырады. Оқушыларға мектеп холлының қабырғасына бекітілген стендте немесе үлкен плакатта қызықты іспен бірге айналысатын адамдарды табу ұмтылысы туралы ақпарат орналастыру ұсынылады. «Қалаймын-жасай аламын-жасаймын» формуласына сәйкес ортақ мүдделер мен бірлескен қызмет негізінде бірігу ұсынылады.
«ҚАЛАЙМЫН» – бұл қысқа мерзімге арналған нақты мақсат
«ЖАСАЙ АЛАМЫН» – бұл ортақ мақсатқа жетуге ықпал ететін өз ресурсын ұсыну
«ЖАСАЙМЫН» – бұл арманды жүзеге асырудың нақты қадамдары
Ақпаратты достық қолын бейнелейтін алақанның суретінде жазу керек
 
АҚПАРАТ ҮЛГІЛЕРІ:
ОҚУШЫЛАР ҮШІН: 
Қалаймынэкзотикалық жемістерді өсіруді (ананас, апельсин, лимон)
Жасай аламынтұқым таба аламын
Жасаймын: өсімдіктер үшін қандай жағдай керектігін зерделеймін
 
ПЕДАГОГТЕР ҮШІН:
Қалаймынтеатрланған қойылым ұйымдастыруды
Жасай аламынсценарий жаза аламын
Жасаймынрепетиция жүргізу  үшін үй-жай дайындаймын.
 
АТА-АНАЛАР  ҮШІН:
Қалаймынмузыкалық топ құруды
Жасай аламындомбрада, гитарада, пианинода ойнаймын
Жасасймынән жазамын.
 
ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ:
Акцияны өткізу мақсатына қол жеткізу үшін мыналар қажет:
  • Әкімшілік мүшелері, әлеуметтік, психологиялық қызметтердің қызметкерлері, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің, ата-аналардың – АПҚО тыңдаушыларының, оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері қатарынан жұмыс тобын құру
  • Білім беру ұйымының ұжымын Акция өткізу мерзімі, оның мақсаты,
    міндеттері, мазмұны туралы ақпараттандыру
  • Акцияны өткізу бағыттары мен нысандарын еркін таңдау
    негізінде әр сыныптың  акцияға қатысуын көздеу
  • Әлеуметтік желілерде Науқан өткізудің табысты тәжірибесімен бөлісу –
     #dosbollike хештегін пайдалана отырып бейнероликтерді,
    фотосуреттерді жариялау
    АКЦИЯ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН МЫНАДАЙ
    БАҒЫТТАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ:
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»:
театраланған қойылымдарды,  суреттер конкурсын, концерт, әдеби кештерді, қызықты  тұлғалармен кездесулер   ұйымдастыру және т.б.
 «КІШІ ЗИЯТКЕРЛІК АКАДЕМИЯ»:
сабақ оқуға көмектесу (жеке пәндер бойынша репетиторлық ету, танымдық қабілеттерін дамыту тренингтері, зияткерлік сайыстар, ойындар, викториналар).
 
«СПОРТТАҒЫ ДОСТЫҚ»:
Спорт жарыстарын, дене шынықтыру минуттарын, үзілісте қозғалыс ойындарын ұйымдастыру, денсаулыққа пайдалы гимнастикалық жаттығуларды және сауықтыру техникаларына үйрету
 
«ШЕБЕРЛЕР ҚАЛАСЫ»:
Кесте тігуге, тоқуға, кулинарияға, қолда бар материалдардан бұйым жасауға үйрету.
«КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ»:
тимбилдингтер өткізу,  ақ тілектер тарату, пайдалы кеңестері бар үнпарақтар, чек-парақшаларын дайындау, Акцияны қолдау үшін көңілді квестерді, флеш-мобтарды өткізу.
 
«ЕРІКТІЛЕР»:
жануарларға көмектесуді, іс-шараларды ұйымдастыру, ауланы тазалау, және басқа да еріктілер тірліктері.
 
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
Акция қорытындысы бойынша «ДосболLIKEдостық қолын ұсын» челленджі өткізіледі.
Челлендж барысында оқушылар, ата-аналар, педагогтер, серіктестер өз әсерлерімен, жаңалықтарымен, #dosbollike Достық рецептерімен бөліседі.