«Қош келдің-Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мереке » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош келдің-Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мереке
29
декабрь
2023

«Қош келдің-Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мереке

Талғар ауданы білім бөлімінің № 7154 27 желтоқсан күні жіберілген  хаты негізінде, 2023 жылдың 25-27 желтоқсан аралығында мектепішілік  «Қош келдің-Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мерекелік кеш өткізілді. 
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Жаңа жылдық шырша мерекесі мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының  және мектебімізді дарынды оқушыларымыздың жаңа жылдық қойылымымен (Малефисента, періште, Алладдин мен Жасмин, аю мен Маша, мыстан кемпір және қыс аруы, Аяз ата мен Ақша қар, ұлу пен қоян, Ханзада мен Ханшайым, Эльфтер) өте жоғары дәрежеде өтті. 
Жасыл шырша мерекесінің өткізілу кестесі құрылды. Мектепалды даярлық топпен  және 1-3 сыныптар 27 желтоқсанда, 4-7 сыныптар үшін 28 желтоқсанда, ал 8-11 сыныптарда балмаскарад 29-ші желтоқсанда  сағ 14.00-ден  17.00 аралығында өткізілді.
1-11 сынып оқушыларын мектебіміздің директоры Малдыбеков Бақытжан Мұхамедқалиұлы жаңа жыл  мерекесімен құттықтап, тілектерін айтты.