Мектепішілік дебат өткізілді. » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік дебат өткізілді.
12
декабрь
2022

Мектепішілік дебат өткізілді.

«Діннің қоғамдағы рөлі» тақырыбында 9-сыныптар арасында 

өткен дебат

«Діннің қоғамдағы рөлі?» тақырыбында  дебат интеллектуалдық пікір-сайысы өткізілді. Бұл пікір-сайыста 9-сынып оқушыларынан құралған «Үкімет» пен «Оппозиция» топ оқушылары интернет желісі оның пайдасы мен зияны  туралы өз ойларын ортаға салып, әсерлі  әрі нақты түрде дәлелдеп жеткізуге тырысты. 

     Қазақстан Республикасы көп ұлтты және көп конфесиалы мемлекет осы қоғамда діннің орны қандай? Осындай күрделі сұрақа екі топ өз көз қарастарын ортаға салды. Үкімет тарапы дәстүрлі ислам діннің мемлекет тарапынан қолдауымыз қажет деген ойды алдыға тарты. Осы ойды негіздейтін аргументтер келтірді дәстүрлі ислам дінін қолдасақ дәстүрлі емес радикалды діни ағымдардын таралуын тежейміз,салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар саны көбейеді және отбасылық құндылықтарды ұстанатын отбасылар саны көбейеді деген аргументтер келтірді. Оппозиция тарапы көрсетілген үкімет аргументеріне қарсы пікір білдіріп жақсы ой тұжырымдарын айтты алайда үкімет құрған кейсетін құлата алмады өткен ойын нәтижесінде үкімет тарапы жеңіске жетті.

Үкімет лидерінің сөзі                                                                       

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және дебат көрермендері! 

 Өздеріңіз білетіндей ҚР көп ұлтты және көп конфесиалы мемлекет, мемлекеттің негізі ол қоғам,қоғамның негізі ол халық  яғни біздің мемлекетіміз көп ұлтты және көптеген дінді мемлекет десек болады қоғамда тұрақтылықтын болуы дінге сенетін,дінге сенбейтін,мұсылман,христиан,буддист болмаса өзін осы айтылғандардын бәрінін бейтарап  адамдар болсада қоғамдағы тұрақтылық бәріне керек. 

 ҚР дін істері комитетінің статистикасына сәйкес республика халқының 70,9% мұсылмандар құрайды. Халқымыздың негізгі бөлігі дәстүрлі исламды ұстанады бірақта дәстұрлі емес радикалданған ағымдарда бар. Біз үкімет фракциясы бұл сұрақа прагматикалық және ғылыми тұрғыдан қарастырамыз біздің ойымызша мемлекет тарпынан елімізде дәстүрлі исламнын дамуына қолдау көрсету керек оаған мынандай аргументтеріміз бар,

1)Дәстүрлі ислам радикалды діни ағымдарға қарсы тұрады және таралуын тежейді

Халқымыз 70 жыл совет одағының атеистік «яғни дін тыйым салынған» қоғамында өмір сүрді дәстүрлі исламның ғылыми негіздері жоғалды,діни қызметкерлер қудаланды. Тәуелсіздік алған сон шекараларымыз ашылып дін еркіндігі жарияланды соңда өзінің мәдениетіне,ғұрпына,салт дәстүріне сай дәстүрлі дінін жоғалтқан халық басқа дәстүрлі емес ағымдардын жетегінде кетті. Сондықтан дәстүрлі исламды қолдасақ басқа радикалданған дәстүрлі емес ағымдардын таралуы тежеледі мүмкін тыйылады.

2)Дәстүрлі исламнын рухани тәрбиелік потенциялын қолдану арқылы қоғамымыз ілгері жылжыйды.

 Дәстүрлі ислам діні адамды салауатты өмір салтын ұстануға яғни алкагольдік ішімдіктер,нашақорлық, барлық денсаулықа зиянды заттарды қолдануға тыйым салады.Республикамыздың 15 жастан асқан азаматарынын темекі шегу бойынша статистикасы Ер азаматтар арасынада 77%, әйел адамдар арасында 23%, ауыл халқы 40%, қала халқы 60%. Бұл  статистика ҚР ұлттық статистика бюросының сайтынан алынған қарасаңыз болады. Алкагольді ішімдіктерге тәуелділік бойынша әлем бойынша 11- орындамыз. Бұл адам шошырлық статистика. Осындай зиянды әдеттерден  тиылып салауатты өмір салтын ұстанса қоғамымыз сауырақ,мәдениетірек,білімдірек,тәртіптірек болатын еді.

3) Дәстүрлі исламның құндылықтарын ұстанатын отбасылар,тілдік,ұлттық құндылықтар проблематикасын шешеді

Дәстүрлі ислами құндылықтарды дәріптейтін отбасыларында  отбасылық құндылықтар анаға құрмет, ана тілде сөйлеу салт дәстүрді ұстану адал еңбекке баулу білімге ұмтылу т.б осынадай құндылықтар дәріптейді бұның бәрі біздін қоғамымыз үшін өте маңызды.

Опозиция лидірінің сөзі:

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және дебат көрермендері! 

Мен үкімет лидерінің ойымен толық келіспеймін дәстүрлі исламды мемлекет тарапынан қолдау қатедеп ойлаймын. Біз зайырлы мемлекетпіз, яғни дін мемлекетен бөлінген барлық дін заң алдында тең. Біздің фракциямыздың ойы нарықтық эконокмикадағыдай дін саласында еркіндік және бәскелестік болуы керек мемлекет ешқандай дінді қолдамауы керек.

Үкімет лидері бірінші аргументінде айтады «Дәстүрлі ислам радикалды діни ағымдарға қарсы тұрады және таралуын тежейді» дейді  Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу үшін мемлекет қаншама қаржы бөліп жұмыс жүргізіп отыр онсызда,мысалға ұлттық қауіпсіздік комитеті,прокуратура,ішкі істер басқармасы, арнаяы құзырлы органдар,халықта оларды жақтырпайды яғни халықтында көзі ашық десекте болады 

2 аргументінде «Дәстүрлі исламнын рухани тәрбиелік потенциялын қолдану арқылы қоғамымыз ілгері жылжыйды»  дейді   салауатты өмір салтына баулуға арналған мемлекеттік программалар бар мысалға денсаулық сақтатау министрлігінің сайтынан көрсеңіз болады сонымен қатар білім беру органдарында арнайы тәрбие сағаттары,теледидарда арнайы бағдарламалар бар. Біз өзіміздің қазақ ұлттық құндылықтарынын потенциалын пайдалануымыз керек. Халық жыл өткен сайын салауатты өмір салтын ұстануды үйреніп келеді. Көш жүре келе түзеледі.

3 аргументінде Дәстүрлі исламның құндылықтарын ұстанатын отбасылар,тілдік,ұлттық құндылықтар проблематикасын шешеді  дейді мен бұнымен келіспеймін біз дінді қолдаймыз деп жүріп Арабтанып кетуіміз мүмкін қазірдін өзінде балаларынын атын арабша қойып ауыз екі тілді арабша сөздерді арластырып арабтын киіміне тарихына мәдениетіне отбасын тәрбиелеп арабтанған отбасылар көп, қазақтын дәстүрлерін дінде жоқ деп қарсы шығатындарда өте көп,қазіргі таңда дамыған мемлекеттер зайырлы мемлекеттер, соныдықтан дін мен мемлекет ара қатынасы зайырлы болуы керек. Арабтануды қолдағанша ұлттық дәстүрімізді қолдайық.

Үкімет спикерінің   сөзі

Опозиция лидері дін саласында нарықтық экономикадағыдай еркіндік, бәсекелестік болуы керек дейді бұл қате пікір нарықтық жағынан алдынғы қатарлы Америка құрама штатары өзінін өндірушілерін қолдау үшін Қытайға,Жапонияға әр түрлі товарларына санкция жариялаған бұл дегеніміз мемлекет өзінің мүддесін қорғау үшін ондай әрекетке бара алады сондықтан біз дәстүрлі исламды қолдау керекпіз. Әрине ұлттық қауіпсіздік комитеті,прокуратура,ішкі істер басқармасы, арнайы құзырлы органдар радикалды ағымдарға қарсы жұмыс жүргізіп отыр бірақ ол жұмыс жеткіліксіз болып отыр жеткілікті болса осы уақытқа дейін олар радикалдардан толық құтылатын едік,біз радикалды топтарға қарсы бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек, сол үшін дәстүрлі исламды қолдауымыз қажет

Сіз айтып отырсыз мемлекет арнайы салауатты өмір салтын дамытуға арналаған мемлекеттік бағадрлама бар дейсіз әрине ол жақсы бірақ ол бағдарлама қоғамдағы барлық азаматтарды қамтымайды жылына бағдарлама бойынша ұйымдастырылған футболдан бір жарысқа қатысқан ол адамның денсаулығын және жан саулығын сақтамайды, мемлекеттік бағдарламалар болсын ол жақсы біріақ азаматтарымыз зиянды әдеттерден саналы түрде бас тартса рухани бай болса біз бұдан тек ұтамыз.

Сіз Арабтану мәселесін қозғадыңыз әрине ондай отбасылар бар,бірақ бұл жаһандану процесінің әсері. Біз дәстүрлі исламды қолдауымыз керек дегенде өзіміздің ата бабаларымыз 12 ғасырдан астам уақыт  ұстанып келе жатқан біздің дәстүрімізбен біте қайнасып келе жатқан исламды айтып отырмыз. Қазіргі таңда білесіздер жастарды тәрбиелеп отырған ол телефон екенін. Бір отбасында барлығы қазақша сойлеседе кішкентай баланың тілі орысша немесе шатыс арлас шығады ол дегеніміз оларды телефон тәрбиелеп отыр олардың тілі бөлек,мәдениеті,дүниетанымы бөлек жандар болып өседі сондықтан Ел боламын десен экранынды түзе дейтін заман болды. Біз зайырлылық бағытын бұзуға шақырып отырғанымыз жоқ намаз оқуға немес дінді күштеп тарату жайлы емес,ислам дінінің рухани потенциалын,ұлттық құндылықтарымызды мемлекет тарапынан қоладу тауып қоғамымыздын еліміздің дамуы қарқынды болу.