Күз мекрекесіне арналған іс-шаралар » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күз мекрекесіне арналған іс-шаралар
23
октябрь
2024

Күз мекрекесіне арналған іс-шаралар

Б.Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы

Күзгі  мерекесіне арналған «Күз кереметі» тақырыбында өткізілген

іс-шараның өткізілуі туралы


АНЫҚТАМАСЫ

                Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен,бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі еді"- деген сөздерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында мектебімізде  әр түрлі іс-шаралар өтуде.                                                                                                                       

2024 жылдың 23 қыркүйек  күні 1-10 сыныптар арасында «Күзгі бақ» көрмесі өтті. Көрме күзге байланысты жүргізілді. 

Мақсаты- күздің кереметтерімен таныстыру, оқушыларды еңбеккке, әсемдікке баулу, ізденімпаздыққа   үйрету және шығармашылықтарын шыңдау.

Бұл көрмеге барлық сыныптар толық қатысты. Көрме жемістерден, ағаш жапырақтары мен қурайлардан, табиғи қалдықтардан, экибано түрінде т.б жасалды. Сонымен қатар кептірілген жапырақтардан экибано, жапырақтардан картиналар жасалды. Комиссия мүшелері оқушылардың  жұмыстарын  бағалап, сыныптарды  марапаттады. 




      Мерекенің әсем де , әсерлі өтуіне мектеп оқушылары бар күш  жігерлерін салды. 1-4 сынып оқушылар күз мерекесіне арнап тәрбие сағаттарын өткізді. Оған ата-аналар, мектеп басшылары және қонақтар қатысты.

Оқушылар күз мерекесімен танысып, ортаға өздері жаттаған тақпақтары мен билерін билеп өз өнерлерін көрсете білді. Ата-аналармен ойын ойнатылып, «Тілек» ағашына ата-аналар және қонақтар өз тілектерін қалдырды.

Мерекелік іс-шара өте жақсы өтті деп ойлаймын, өйткені Оқу ісінің меңгерушісі Батырханова Дина апаймен, Тәрбие ісі меңгерушісі Уркинбай Бота апай сөз сойлеп қорытындылады.

«Күз кереметі» тақырыбында  24 күні 8-10 сынып оқушылар арасында  «Алтын күз» байланысты    8-10 сынып оқушыларына Күзгі балл өткізілді.  Оқушылар күз ханзадасы мен ханшайым болып әртүрлі заттардан әдемі көйлек тігіп сән үлгісін көрсетіп,  өз өнерлерін көрсетті. Ең үздік таныстырылым мен өз өнерлерін көрсеткен сынып дипломмен марапатталды. 




 29 қазан күні 3-10 сынып оқушылар арасында «Күзгі асар» жәрменкесі өтілді. Ата-аналар мен оқушылар бірлесе отырып үйден дайындап келген тәттілерін сатып, көңілді музыка қосылып іс-шара өте жақсы өткізілді. 




 Іс-шаралар  туралы мәлімет әлеуметтік желілерге және мектеп сайтына жүктелді.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары              Г.О.Думбирова