Мектеп театры » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2025

Мектеп театры

Мектебімізде мектеп театры құрылып, алғашқы қойылымдарын қойды. Мектеп театры – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнерге деген қызығушылығын арттыратын маңызды алаң.

Мектеп театрының қойылымы жоғары деңгейде өтті. Қойылым барысында оқушылар өздерінің актерлік шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін көрсете білді. Әрбір рөлге жан-тәнімен берілген оқушылар көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, сахнаның атмосферасын шынайы жеткізе алды. Театр өнері арқылы балалар өздерінің актерлік шеберлігін шыңдап қана қоймай, жауапкершілік, ұйымшылдық, және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.


Бұл қойылым мектептің өнер саласындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде есте қалды. Ұйымдастырушы мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз. Олардың қолдауы мен еңбегі қойылымның сәтті өтуіне зор үлес қосты. Оқушылардың өнерге деген ынтасы, сахнадағы шынайы ойыны мен шығармашылық ізденістері көрермендерді қуантты. Сонымен қатар, ұстаздардың жетекшілігі мен қолдауы театр жұмысының сапасын арттыруға ықпал етті.

Осындай шаралар оқушылардың шығармашылық дамуына, өзін-өзі танытуына және ұжымдық жұмыс жасау қабілетінің артуына септігін тигізеді. Алдағы уақытта да мектеп театры жаңа қойылымдарымен қуанта береді деген сенімдеміз.

Бағдарлама соңында кітапхана меңгерушісі, және мұғалімдерге сөз беріліп, қойылымнан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы қойылымдарына сәттілік тіледі.   

Алдағы уақытта мектеп театрының жұмысын одан әрі жандандырып, жаңа қойылымдар әзірлеп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау маңызды. Бұл – өнер мен білімнің ұштасқан жемісті жолы.

Похожие публикации:

14 март 2025 Көрісу күні
12 май 2025 СМАРТ БАЛА