Мектеп театры 1-4 сыныптар бойынша қойылым » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп театры 1-4 сыныптар бойынша қойылым
14
февраль
2025

Мектеп театры 1-4 сыныптар бойынша қойылым

Мектеп театры «Ертегілер елінде»

Бастауыш сынып оқушыларының өнерімен өткен “Ертегілер елінде” сахналық қойылымы ерекше әсерлі және қызықты болды. Балалар ертегі кейіпкерлерін шынайы әрі көңілді түрде сомдап, көрермендерді ертегі әлеміне саяхат жасатты.

Қойылым барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әдемі костюмдер, әсерлі музыка және сахналық қойылымның мазмұны кештің маңыздылығын арттырды. Бұл шара балалардың сөйлеу мәдениетін дамытуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға ықпал етті.

Көрермендер жас әртістердің өнеріне тәнті болып, қойылымды жылы ықыласпен қабылдады. Жалпы, кеш өз мақсатына жетіп, кішкентай өнерпаздардың талантын танытуға тамаша мүмкіндік болды.

Похожие публикации:

14 март 2025 Көрісу күні
15 январь 2025 Мектеп театры
09 январь 2025 Тәрбие саласы