1 қазан-Қарттар күні » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2023

1 қазан-Қарттар күні

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. 1 қазан - қарттар күніне орай мектебімізде  6 "В" сынып оқушылары Қапалбаева Гульназ Ержанқызының  ұйымдастыруымен бүкіл өмір жолдарын оқушыларға білім, тәрбие беруге  арнаған  ардагер ұстаздарымызды қарттар күнімен құттықтап,   игі іс жасап, қуантып, баталы болып қайтты. Қарттарымыз біздің - асыл қазынамыз!!!