"Адал ұрпақ" клубының жұмысы » Б. Момышұлы атындағы №35 мектеп-гимназиясы
"Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Б.Момышұлы атындағы №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 74-73-7-00
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
октябрь
2023

"Адал ұрпақ" клубының жұмысы

                                                      Анықтама


    Адал ұрпақ тәрбиелеу-қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
    Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-барлығымыздың борышымыз. Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.

    Бала мінезі, азаматтық көзқарасы ата-ана, орта, мектеп тәрбиесі арқылы қалыптасады. Рас, сәби ақ қағаздай болып дүниеге келмек. Қағазға шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де осыған ұқсас. Бүгінде білім беру мекемелері осы қағиданы ескеріп, оқушылар бойында әділдік, адалдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жаңа жобалар жүргізуде. Осындай жобалардың бірі-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектептерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысын бастаған болатын. Осы жоба аясында  №35   жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024  оқу жылында да  «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы өз жұмысын жалғастырды. Қазіргі таңда бұл клуб  мектеп оқушылары арасында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.         Оқушыларымыздың арасында «Адал Ұрпақ» клубының жұмысына қызығушылық танытып, мүше болуға сұраныс білдірген оқушыларымыздың саны күннен-күнге артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Бұның өзі — клубтың нәтижелі еңбегінің бір көрінісі деп білуге болады. Қазіргі уақытта мектебіміздегі барлық 1180  оқушы «Адал Ұрпақ» клубының белсенді мүшелерінің қатарында.

    Мектебіміздегі «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты-шәкірттерімізге  рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.   Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-



шаралар атқарып тұрады.    Егер, жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге  мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.

   Клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.

Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарымен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында  «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбымен оқушылар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Барлық  оқушылардың жұмысы бағаланып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз марапатталды